Мәртебесі
Өтінімдерді қабылдау жүріп жатыр
Қаржыландырудың жалпы сомасы
Соманың жазбаша нұсқасы: Елу миллион теңге
Конкурс туралы
Конкурстың мақсаты – отандық әдебиетті, кітап басып шығаруды және цифрлық оқу технологияларын дамытуға бағытталған креативті индустриялар саласындағы кемінде 10 шағын стартаптар мен инновациялық жобаларға гранттық қолдау көрсету.
Конкурсқа комикстер, балаларға арналған ертегілер мен әңгімелер, көркем және басқа да әдеби жанрлардағы шығармаларды әзірлейтін авторлар мен жобалар, сондай-ақ әдебиетті жаңа форматта ұсынатын LitTech бағытындағы цифрлық шешімдер қатыса алады.
Креативті индустриялар саласындағы шағын стартаптар мен инновациялық жобаларды гранттық қолдау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 20 қазандағы № 572-НҚ бұйрығымен бекітілген креативті индустрияға жататын экономикалық қызмет түрлерінің тізбесіне сәйкес келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1. Мәдени-демалыс мекемелері – 90.03.0 Көркем және әдеби шығармашылық;
2. Кітапханалар мен музейлер – 91.01.2 Кітапхана қызметі, оқу залдары, лекторийлер;
3. IT және геймдевелопмент – 62.01.1 Бағдарламалық қамтылымды әзірлеу, 58.21.0 Компьютерлік ойындарды шығару;
4. Басқалары - 58.11.0 Кітаптар шығару, 58.19.0 Баспа қызметінің өзге де түрлері.
Конкурсты өткізу шарттары мен өтінім беру тәртібі туралы толық ақпарат осы хабарландыруға қоса берілген құжаттарда қамтылған:
• «Креативті индустрияларды дамыту қоры» корпоративтік қорының отандық әдебиетті, кітап басып шығаруды және цифрлық оқу технологияларын дамыту үшін креативті индустриялар саласындағы шағын стартаптар мен инновациялық жобаларға гранттық қолдау көрсетуге конкурс өткізу туралы хабарландыру
• Креативті индустрияны мемлекеттік қолдау және ынталандыру қағидалары
• «Креативті индустрияларды дамыту қоры» КҚ креативті индустриялар саласындағы стартаптар мен инновациялық жобаларға мемлекеттік гранттық қолдау алу конкурсына қатысуға өтінімді дайындау және толтыру бойынша Әдістемелік ұсынымдар
Өтінімді бермес бұрын қоса берілген барлық құжаттармен мұқият танысуыңызды сұраймыз.
Өтінімдерді қабылдаудың басталу күні
Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні
Креативті индустриялар саласындағы заңды тұлғалар
Креативті индустриялар саласындағы ЖК
Конкурсқа қатысу туралы толық ақпарат алу және өтінім беру үшін келесі сілтеме бойынша тіркелу қажет
Тіркелу