Services

Menu

©
Privacy policy

Privacy policy

Құпиялылық саясаты

«Qazaqculture» ақпараттық жүйесінің «Qazaqcreative» бөлімінің құпиялылық саясаты және дербес деректерді өңдеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы Құпиялылық саясаты «Qazaqcreative» бөліміндегі пайдаланушылардың дербес деректерін өңдеу тәртібі мен шарттарын айқындайды. «Qazaqcreative» бөлімі «Qazaqculture» ақпараттық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады

1.2. Негізгі ұғымдар:

  • «Qazaqculture» — Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақпараттық жүйесі.
  • «Qazaqcreative» — креаторларды тіркеуге, профильдерді модерациялауға және мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға арналған ақпараттық жүйенің құрылымдық бөлімі.
  • Оператор — «Креативті индустрияларды дамыту қоры» корпоративтік қоры (БСН 250740022938), «Qazaqculture» жүйесінің «Qazaqcreative» бөлімін басқаратын ұйым.
  • Техникалық серіктес — «CITY INNOVATION» ЖШС, ақпараттық жүйенің техникалық сүйемелдеуін қамтамасыз етеді.
  • Пайдаланушы — «Qazaqcreative» бөлімінде тіркелген жеке немесе заңды тұлға.

2. Өңделетін деректер

Оператор келесі деректерді өңдейді:

  • ЖСН / БСН;
  • Тегі, аты, әкесінің аты немесе ұйым атауы;
  • байланыс деректері (телефон, email);
  • креативті индустрия саласындағы қызмет туралы мәліметтер;
  • өңір;
  • соңғы 3 жылдағы жобалар мен табыс туралы мәліметтер;
  • ЭЦҚ деректері;
  • мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған деректер (КГД, 1С және т.б.).

3. Деректерді өңдеу мақсаттары

Деректер келесі мақсаттарда өңделеді:

  • пайдаланушыны сәйкестендіру және аутентификациялау;
  • креаторлар тізілімін жүргізу;
  • деректердің дұрыстығын тексеру;
  • мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну;
  • қаржылық процестерді автоматтандыру;
  • аналитика және мониторинг.

4. Пайдаланушы құқықтары

Пайдаланушы құқылы:

  • дербес деректерді өңдеу туралы ақпарат алуға;
  • деректерін өзгертуге және жаңартуға;
  • келісімді кері қайтарып алуға;
  • деректерді қорғауды талап етуге.

5. Оператор міндеттері

Оператор міндетті:

  • дербес деректерді қорғауды қамтамасыз етуге;
  • техникалық және ұйымдастырушылық шараларды қолдануға;
  • деректерді ҚР аумағында сақтауға;
  • қолжетімділікті бақылауға.

6. Үшінші тұлғаларға беру

Деректер келесі тұлғаларға берілуі мүмкін:

  • мемлекеттік органдарға;
  • техникалық серіктеске (CITY INNOVATION);
  • сарапшыларға;
  • банк және қаржы жүйелеріне.

7. Қорытынды ережелер

7.1. Оператор саясатты өзгертуге құқылы.

7.2. Жаңа редакция жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.

7.3. Құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

©
6