Services

Menu

©
User agreement

User agreement

Пайдаланушы келісімі

«Qazaqculture» ақпараттық жүйесінің «Qazaqcreative» бөліміне арналған пайдаланушы келісімі

1. Жалпы пайдалану шарттары

1.1. Осы Пайдаланушы келісімі (бұдан әрі – «Келісім») «Qazaqcreative» цифрлық платформасын (бұдан әрі – Платформа) пайдалану қағидаларын белгілейді және «Креативті индустрияларды дамыту қоры» корпоративтік қоры (БСН 250740022938), мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі, 4-ғимарат (бұдан әрі – Иесі) мен Платформада тіркелу/авторлану рәсімінен өткен жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – Пайдаланушы) арасындағы заңды күші бар құжат болып табылады.

2. Келісімнің мәні

2.1 Осы Келісімнің мәні Иесінің мынадай қызметтерді ұсынуы болып табылады:

  • Қазақстан Республикасы креаторларының тізіліміне Пайдаланушыны тіркеу;
  • Профильді және жобаларды басқаруға арналған Жеке кабинетке қолжетімділік беру;
  • Мемлекеттік қолдау шараларына (гранттар, қарыздар, оқыту бағдарламалары, акселерация) өтінім беру мүмкіндігін қамтамасыз ету;
  • Креативті индустрия субъектілерінің қызметін ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асыру;

3. Тіркелу және авторлану қағидалары

3.1 Осы Келісім жария оферта болып табылады.

3.2 Платформада авторлану (оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) немесе Email/құпиясөз байланысын пайдалану арқылы) Пайдаланушының осы Келісім талаптарын толық әрі сөзсіз қабылдағанын білдіреді.

3.3 Пайдаланушы өзі туралы шынайы, нақты және толық ақпаратты (соның ішінде ЖСН/БСН, жобалар туралы мәліметтерді және соңғы үш жылдағы табыс туралы ақпаратты) ұсынуға және оның өзектілігін тұрақты түрде қамтамасыз етуге міндеттенеді.

3.4 Егер ұсынылған ақпарат шындыққа сәйкес келмесе, толық болмаса немесе Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзса, Иесі Пайдаланушының тіркелуін тоқтата тұруға немесе күшін жоюға құқылы.

4. Дербес деректерді жинау және өңдеу

4.1 Осы Келісімді қабылдай отырып, Пайдаланушы Платформаның Құпиялылық саясатына сәйкес айқындалған мақсаттарда өзінің дербес деректерін жинауға және өңдеуге, сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық жүйелер (Мемлекеттік кірістер комитеті, және басқа да ақпараттық жүйелер) арқылы оларды тексеруге (верификациялауға) Иесіне ерікті түрде келісім береді

4.2 Дербес деректерді өңдеу мынадай әрекеттерді қамтиды: деректерді жинау, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), пайдалану, үшінші тұлғаларға (сарапшыларға, келісім беруші органдарға, техникалық серіктестерге) беру, иесіздендіру, жою.

5. Пайдаланушының құқықтары мен міндеттері

5.1 Пайдаланушының міндеттері:

  • өзінің кіру деректерінің (құпиясөздің, электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) кілттерінің) құпиялылығын қамтамасыз етуге;
  • Платформаны зиянды бағдарламалық қамтамасыз етуді таратуға немесе Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзатын әрекеттер жасауға пайдаланбауға;
  • осы Келісімге енгізілген өзгерістерді өз бетінше қадағалап отыруға міндетті.

5.2 Пайдаланушының құқықтары:

  • өзіне берілген рөлге сәйкес Платформаның функционалын пайдалануға.
  • белгіленген тәртіппен тіркелуге берілген өтінімді немесе мемлекеттік қолдау шарасын алу жөніндегі өтінімді кері қайтарып алуға.

6. Иесінің құқықтары мен міндеттері

6.1 Иесі сыртқы верификация сервистері арқылы Пайдаланушы ұсынған деректердің дұрыстығын тексеруге және техникалық аудит жүргізуге құқылы

6.2 Иесі өтінімдерді қарау жөніндегі SLA талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге міндетті, атап айтқанда:

  • профильді модерациялау мерзімі – 3 (үш) жұмыс күні;
  • • Платформаға техникалық қолдау көрсету «CITY INNOVATION» ЖШС арқылы жүзеге асырылады.

6.3 Иесі осы Келісімнің талаптарына біржақты тәртіппен өзгерістер енгізуге құқылы.

Келісімнің жаңа редакциясы Платформада жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.

7. Тараптардың жауапкершілігі

7.1 Пайдаланушы гранттарды немесе мемлекеттік қолдаудың өзге де шараларын көрсету туралы шешім қабылдау кезінде негізге алынатын өзі ұсынған мәліметтердің дұрыстығына дербес жауапты болады.

7.2 Иесі үшінші тұлғалардың әрекеттерінен немесе сыртқы мемлекеттік ақпараттық жүйелердің (Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелері, электрондық цифрлық қолтаңба жүйелері және өзге де мемлекеттік сервистер) жұмысындағы іркілістерден туындаған Платформа жұмысының уақытша тоқтап қалуы немесе ақаулары үшін жауапты болмайды.

8. Келісімнің күшіне енуі

8.1 Осы Келісім Пайдаланушының Платформада алғаш рет авторлану сәтінен бастап күшіне енеді және пайдаланушының есептік жазбасы жойылғанға дейін немесе Келісім Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тоқтатылғанға дейін мерзімсіз қолданылады


Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім

Осы арқылы мен, «Qazaqcreative» платформасының Пайдаланушысы ретінде, «Креативті индустрияларды дамыту қоры» корпоративтік қорына (БСН 250740022938) мемлекеттік қолдау шараларын алу талаптарына сәйкестікті растау үшін қажетті көлемде менің дербес деректерімді, сондай-ақ коммерциялық немесе салықтық құпияны құрайтын мәліметтерді жинауға, өңдеуге және пайдалануға өз еркіммен келісім беремін.

Мен Платформаның Құпиялылық саясатымен және Пайдаланушы келісімімен толық көлемде танысқанымды, олардың талаптарын түсінетінімді және толық көлемде қабылдайтынымды растаймын.


Құжат «Qazaqcreative» цифрлық платформасының техникалық ерекшелігінің талаптарына сәйкес бейімделген (2026 ж.).

©
9